МӘҢГІ

lat: MÁŃGİ /87/

зат. 1. Өмір бақи, мәңгілік .

Өкінбе, өкпелеме бүгініңе,

Өмір, өмір! Болмайды түңілуге.

Мәңгі сені жазбаған сүрінуге,

Қайта тұрып, қақың бар жүгіруге (2,189).


Ел-жұртым, сені тыңдадым,

Әрқашан саған ризамын!

Көрсеткен өзің құрметке,

Елжіреп менің тұр жаным,

Ел-жұртым, мәңгі ризамын! (3,45).


2. Мүлдем, біржола .


Батқан жоқ мамық төсек жамбасыма,

Талыға күтудемін таңды асыға.

Оп-ояу, дәл осылай отырып-ақ,

Кім кепіл мәңгі ұйықтап қалмасыма?! (1,167).


Бар-жоғы менде бір жүрек,

Ол өлсе, мәңгі кеткенім.

Сендегі семсе мың жүрек,

Келгенде жасыл көктемің,

Тірілер қайта дүркіреп (3,95).